Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды . Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.