Спорт бәсекесі мамырдың 16-ы мен 19-ы аралығында Алматыда өтеді және онда сары құрлықтың ең үздік командалар өзара мықтыны анықтайды.
Шараның ашылу салтанаты мамырдың 16-ы сағат14-30-ға жоспарланған. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Моңғолия, Пәкістан, Қырғызстан елдері қатысады.
Айта кетейік, 2016 жылы регби Олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді. Қазақстан ұлттық құрамасы Азия елдерінің арасында тұрақты жеңімпаз, ал әлем бойынша үздік 30 елдер қатарына кіреді. Азия чемпионаты регбидің елімізде бұқаралық спорт түрі ретінде дамып, бұл тартысты ойын жастар арасында кеңінен танылуына ықпал етпек.