Қазақстанда алғаш рет тірі донордан бауырды трансплантациялау операциясы жасалды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекованың төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар бойынша селекторлық жиын өткізілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр құттықтау сөзінде елімізде алғаш рет бауырды трансплантациялау және қосымша қан айналымының шағын қондырғысын имплантациялау бойыша операция жасалғанын ерекше қуаныш және мақтаныш сезіммен хабарлады. Ол мұндай инновациялық серпін республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жақсы сыйлық болғанын атап өтті.

Операция А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының базасында Беларусь мамандарының қатысуымен 2011 жылғы 9 желтоқсанда жасалған.

38 жастағы әкпесінің (донор) бауырының оң бөлігі сіңлісінің (реципиент) патологиялық тұрғыдан толығымен өзгерген бауырының орнына алмастырылды. Операция 12 сағатқа созылды.

Бүгінгі күні екі пациенттің де жағдайы тұрақты және өткізілген операцияның ауырлығына сәйкес.

Бір ай бұрын Қазақстанда алғаш рет биыл ашылған Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында қосымша қан айналымының шағын қондырғысын имплантациялау бойынша бірегей операциясы жасалды. Оны «жасанды жүрек» деп те атайды (донордан жүрек алмастырудың баламасы).

Бұл қондырғы пациентке қалыпты өмір сүруге және еңбекке жарамдылығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай технология Ресейде де, Орталық Азияда да болмағанын атап өту қажет

Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында бірінші жасанды жүректі алмастыру сәтінен бастап тағы 4 операция жасалды және жылдың аяғына дейін олардың санын 8-ге жеткізу жоспарда бар.

Қазіргі кезде республикада ағзаларды алмастыру мәселерін шешу көбінесе науқастарды шетелдік клиникаларға жіберу арқылы жүзеге асырылады. Бір пациенттің емделуіне мемлекеттік бюджеттен 200 000-нан 300 000 еуроға дейін шығын шығады.

Кейінгі кезде республикада жылдан жылға ағза мен тіндерді жасалынып жатқан транплантациялаудың санын көбейтуге мүмкіндік беретін отандық трансплантологияны дамытуда шаралар қолдануда.

Егер 2009 жылы тірі туысқан донорлардан тек 4 бүйрек алмастырылса, 2010 жылы - 9. Алғаш рет аутологиялық (өзінің сүйек кемігінен немесе перифериялық қаннан тұратын стволдық клеткалары) сүйек кемігі трансплатацияланды. 2011 жылдың 11 айында 5 аутологиялық және 1 аллогендық (басқа адамның стволдық клеткалары) сүйек кемігі, 11 бүйрек трансплатацияланды,

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде қазіргі заманға сай медициналық құралмен жабдықталған халықаралық стандарттарға сай ағза мен тіндерді транплантациялауға қажет Республикалық ағза мен тіндерді транплантациялау орталығын құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Бұл жобаның жүзеге асырылуы транплантациялауға шетелге баратындардың санын азайту арқылы жыл сайын біршама қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мұндай инновациялар қазақстандық имплантологияның дамуына жаңа серпін бермек.