«Бұрын орындалмайтын арман болып көрінген дүние жүзеге асайын деп тұр. UFC Қазақстан. 13 маусым», - деп жазды Саят Әбдірахманов Instagram парақшасына.
Еске салайық, қазақстандық Шафкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұловтың UFC-мен келісімі бар. Бұдан бөлек, еліміздің тағы бір өкілі Сергей Морозов танымал промоушенмен келісім жасауы мүмкін.
Бұдан бұрын Жандос Жұмағұлов ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында барлық аты аталған балуандардың Қазақстандағы турнирде жекпе-жек өткізе алатынын айтқан еді.