Қазақстанда алғаш рет ұстаздар балы өтеді

None
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет ұстаздар балы өтеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 5 қазанда Алматы қаласында Қазақстан ұстаздарына арналған бал өткізеді. Бал педагогтардың кәсіби мерекесі - Ұстаздар күніне орай өткізілмек. Оған білім беру саласының құрметті қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары шақырылып отыр. «Бұл ұстаздықтың жаңа дәстүрінің жаңғыруы», - дейді министрліктің баспасөз қызметінен.

Балдың ресми бөлімі еліміздің үздік педагогтарын салтанатты құттықтау рәсімімен ашылады. Республика тарихында тұңғыш рет «Үздік ұстаз» атағына еліміздің 48 мұғалімі ие болды. Олар «Үздік ұстаз-2012» бірінші республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.