«Step&Grow» коучинг академиясының Бас директоры, сертификатталған коуч және ІСF мүшесі Ғалия Хамитованың айтуынша, бұл ғаламдық шараға бір уақытта әлемнің 100-ден астам елінен 17 мың ІСF мүшелері қатысуда. Олар онда Халықаралық коучинг федерациясының стандартындағы коучинг деген не, ол несімен пайдалы және тиімді болуы мүмкін деген сауалдарға жауап беруде.
«Әлемнің өзге елдерінде 1999 жылдан бері өтіп келе жатқан халықаралық коучинг апталығы Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Онда барлық шаралар, шеберлік-сыныптары, мен шеберлік дәрістері ақысыз өтеді», - дейді Ғ. Хамитова.