«Қазығұрт ауданында биыл біз үлкен инвестициялық жобаны - өнеркәсіптік бақ салуды жоспарлаудамыз. Ол Қазақстанда алғаш рет салынғалы отыр және Орталық Азияда ең ірі бақтардың бірі болады. Бұл - 1800 гектарлық жаңғақ пен 300 гектарлық алма бағы», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы облыс бойынша, алма бағы 4 мың гектардан асады. Жақында Түлкібас ауданы Мичурино ауылында 1 млн. түп алма отырғызылды. Биыл тағы 1,2 мың гектар жерге алма ағаштарын егу жоспарда бар.