Қазақстанда әлі күнге дейін активтерді тиімді басқару түсінігін көре алмай отырмыз - "Еуразия"СК" АҚ-ның Активтерді басқару департаментінің директоры

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз әлі күнге дейін Қазақстанда активтерді тиімді басқару мен сауатты менеджментті көре алмай отырмыз.

Бұл жайлы бүгін "Еуразия" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Алматыдағы алғашқы қазақстандық пресс-турында айтылды.

"Біз компаниялардың өз кірісін ұлғайту үшін жанталасып, тәуекелді ескерусіз қалдырған тарихи кезеңінен өттік. Бұл әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс кезінде айқын аңғарылды. Біз соңғы кезде принципті түрде рейтингтік көрсеткішсіз ешқандай бағалы қағаздарды сатып алмаймыз. Қазір компания акцияларының 50 пайыздан астамын рейтингі аса жоғары бағалы қағаздар құрайды", дейді "Еуразия сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Активтерді басқару департаментінің директоры Диас Сәрсенов. Оның айтуынша, бұл қажет кезінде оны кез келген уақытта қолайлы бағаға сатуға мүмкіндік береді. Олар мәселен, әлемдік нарықтарда 5 минуттың ішінде өз активтерін жылдам сатып 250 миллиард теңгеге дейінгі сақтандыру төлемін бір тәуліктің ішінде жасауға мүмкіндігі бар.

Д. Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, көптеген әріптестерінің ертеңгі күнге деген сенімдері әлсіз. Олар нақты стратегиялық жоспарға немқұрайлы қарайды. Сондықтан да сауатты менеджменттің жоқтығынан табыстары болжалды шығындарының орнын толтыра алмайтын жағдайларға жол беруде. Ал Еуразия сақтандыру компаниясы 2018 жылға дейін өздерінің дамуы тұрақты болатынын болжап отыр.