Қазақстанда алкогольдік өнімге акциздік маркалардың түпнұсқалығын анықтау үшін смартфондарға қосымша жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде алкогольдік өнімге акциздік маркалардың түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін смартфондар үшін «Вайпон» қосымшасы таныстырылды.

Атап айтқанда, қосымшаны Мемлекеттік кірістер комитеті мен қазақстандық «Вайпон» компаниясы әзірлеп шығарды. 

«Бұл қосымшамен жұмыс істеу өте жеңіл. Бұл үшін оны «iPhone» телефонына орнатып, кез келген алкогольдік өнімді тексеруге болады. Енді комитеттің жұмысының арқасында Қазақстандағы барша алкогольдік өнімді тексеру мүмкіндігі бар. Қосымшаны іске қосқаннан кейін, акциздік марканы сканерлеу қажет. Осыдан соң қосымша оның тұпнұсқалығын анықтайды», - деді «Вайпон» компаниясының директоры Рүстем Сұлтанмұратов. 
Оның сөзіне қарағанда, болашақта аталған қосымша өнімдердің өзге түрлерінің тұпнұсқалығын айқындау үшін де қолданылмақ.