Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға көп. Ішкі нарықтағы өткізу көлемі 1,7 млрд литрге жетіп, 21% артты. Сонымен қатар алкогольсіз сусындар импорты 29,6% өсіп, 217,1 млн литрді құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 11,4% болды.
— Экспорттың негізгі бөлігін дәстүрлі түрде қант немесе өзге де тәттілендіргіштер, сондай-ақ хош иістендіргіш және дәмдік қоспалар қосылған сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар құрады. Есепті кезеңде осы өнім түрінің экспорты 172,8 млн литрге жетіп, ақшалай көлемі 75,5 млн АҚШ долларын құрады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда әр алтыншы бала күн сайын газдалған қантты сусын ішеді.