Шараға облыстық және аудандық әкімдіктердің, мемлекеттік даму институттарының, банк саласының өкілдері, жеке инвесторлар, аймақтық бағбандар қатысты. Семинарды «FTC Equity» ЖШС - польшалық және италиялық серіктестерімен бірігіп және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Тараз» ӘКК» АҚ қолдауымен ұйымдастырды.
Биыл Жамбыл облысында жылына 3 мың тонна алма беретін алғашқы жоба - «Шайқорық бауы» АӨК іске қарқынды алма бағы қосылды. Биылғы маусым айында пайдалануға берілген жобаның құны - 709,7 миллион теңге. Жалпы аумағы -77 гектар, оның 50 гектарында Голден делишес, Айдаред, Гала тұқымды алма көшеттері егілді. Жеткізуші - Arno Group (Польша) компаниясының Қазақстандағы өкілі - «FTC Equity» ЖШС болды.
Қарқынды бау 3-4 жылдан кейін мол өнім бере алады. Егер дәстүрлі бау шамамен 5-10 тонна жеміс берсе, қарқынды бау - 70 тоннаға дейін жеміс бере алады.
Бүгінгі таңда Қазақстан алыс шетелден жылына 150 мың тонна алманы импорттайды. Отандық өндіріс жалпы тұтыну көлемінің 30 % ғана қамтиды. Алайда, өткен жылдардың тәжірибесі мен заманауи технологияларды пайдаланып, Қазақстанның бағбаншылығы жаңа даму деңгейіне көтеріліп, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы локомотивтерінің біріне айналуы мүмкіндігі бар.
2016-2020 жылдарға арналған Жамбыл облысы аумағындағы даму бағдарламасы бойынша қарқынды бау аумағын 1600 гектарға жеткізіп, облыс аумағының жемісті тұтыну нормасының 85% қамту жоспарланған.