Қазақстанда «Алтын сапа-2009» конкурс-көрмесі басталды

АСТАНА. Тамыздың  10-ы. ҚазАқпарат -   Индустрия және сауда министрлігі  отандық  тауар өндірушілердің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауы жарияланғанын   жария етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат   Астана  әкімдігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

2009 жылдан бастап байқау қазіргі заманғы менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін және сапа бойынша Еуропа сыйлығы үлгісімен үйлестірілген жаңа үлгі бойынша өткізіледі, бұдан басқа критерийлер өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлықтарына сәйкес келеді.

Онда сапа саласында басшылықтың лидерлік рөлін, ұйымның саясаты мен стратегиясын сипаттайтын көрсеткіштердің маңызы, тұтынушылардың өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттануы күшейтілген. Жаңа үлгіні қолдану ұйымдарда сапа бойынша жұмыстар деңгейін нақтырақ бағалауға мүмкіндік береді.  

Заңды тұлғалар мынадай номинациялар бойынша конкурсқа қатысады: 

 1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; 

2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»; 

3) «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын».