Қазақстанда «Алым-салықтан таза мектеп» акциясы басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 9-ы мен қазанның 9-ы аралығында Қазақстанда «Алым-салықтан таза мектеп» акциясы өз жұмысын бастады.

Шараны  ұйымдастырушылар  мектептің,  сыныптың  қорларына,  мектеп жабдықтарын сатып алуға,  жөндеу  жұмыстарына,  оқулықтарға  ақша  жинау фактілерімен  кездескен  барлық  азаматтарды хабарласуға     шақыруда.    Сондай-ақ,   ұйымдастырушылар    мектептердегі  алым-салықтарды  түп-тамырымен жою тетігіне қатысты    азаматтардың   нақты ұсыныс-кеңестерін  тыңдауға  әзір.

«Жедел  желі»  телефондары:  Алматыда - 376 4037,  Астанада -  97 83 78.

Бұл  акцияны   Қазақстандағы  «Дағдарыс орталықтары  одағы»   Астана қаласының ішкі саясат   басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып  отыр.