АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың төрт айында алюминий экспортының көлемі заттай көріністе 4,7 есе (16-дан 75,4 мың тоннаға дейін) ұлғайды. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен хабарланды.
Фото: Pixabay
Өнімге сұраныс Әзербайжан тарапынан сегіз есе (5,5-тен 43,1 мың тоннаға дейін), Өзбекстан тарапынан — 10,5 есе (0,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін) ұлғайды.
Сондай-ақ Беларусь, Болгария, Италия, Польша сияқты елдерге жеткізу географиясын кеңейтіп, сол арқылы осындай көрсеткішке қол жетті.
Қазақстандағы алюминийдің жалғыз отандық өндірушісі — «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ (Павлодар).
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.