Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қазақстан әскерінде полковник Әскер Бейсенов әскери училище курсантынан бастап, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Әр жылдары бюджеттік жоспарлау және қаржы саласында жауапты қызметтер атқарды.
1999 жылы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін «Әскерлерді қаржылық қамтамасыз ету және әскери шаруашылық экономикасы» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қаржы академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Мемлекет басшысының өкімдерімен: Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер, Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін экономист мамандығымен бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2004 жылы Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметінде болған. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы – Атырау облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы. Ал, 2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Шоқан Жетпісбайұлы Оразалин білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Шоқан Жетпісбайұлы 1969 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «агроинженерия бакалавры», 2013 жылы Көкше академиясын «тарих бакалавры», 2020 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «экономика ғылымдарының магистрі» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын совхоз жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдары орта мектеп мұғалімі, Щучье гуманитарлық-техникалық колледжінің, Бурабай аграрлық-техникалық колледжінің, Щучье қаласының экология және орман шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері, сондай-ақ Щучье қаласының жоғары техникалық колледжінің орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді.
Тағайындауға дейін Шоқан Жетпісбайұлы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Кенеш Ғалибекұлы 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «заңгер» біліктілігі бойынша, 2007 жылы Зулкайнар Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «есеп және аудит бакалавры», 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қостанай қаласы «Қостанай автобус паркі» ЖШС заңгері болып бастады. Әр жылдары әртүрлі басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді. Тағайындауға дейін Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы тағайындалды. Ведомствоны Константин Павлович Ильницкий басқаратын болды.
Константин Ильницкий 1986 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Жоғары білімі, ақпараттық технологиялар және менеджмент саласында магистр дәрежесі бар.
Халықаралық бизнес академиясын «ақпараттық жүйелер» және «экономика» мамандықтары бойынша, Дүниежүзілік технологиялық университетті «менеджмент» мамандығы бойынша және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетінде зертханашы болып бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Халықаралық бизнес академиясында жүйелік техник болып жұмыс істеді. Содан кейін Сарыарқа әуежайында жүйелік инженер болған. 2009 жылдан 2019 жылға дейін - «ҰАТ» АҚ Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының аға инженері, содан кейін бастығы қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап осы күнге дейін ведомство бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
ШҚО әкімінің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ұлан ауданының әкімі болып Думан Рахметқалиев тағайындалды.
Думан Есдәулетұлы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Ахмирово ауылының тумасы. Прага халықаралық университетінде «Экономика» мамандығын, Қазақстан-Америка еркін университетін «Құқық магистрі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласының «Теплоэнергоснаб» ЖШС экономисі қызметінен бастады. Астана қаласы «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою отрядында жұмыс істеді. «Ертіс ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасын басқарды.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімі болып Нұрлан Махамбетов тағайындалды.
Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ивановка ауылында дүниеге келген. Ленинград жоғары зениттік-зымыран командалық училищесін және Қазақстан-Америка еркін университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылға дейін әскери салада әр түрлі қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап Алтай ауданы Серебрянск қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Түлкібас ауданы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұржан Жақсылықұлы Ізтілеуов Түлкібас ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Нұржан Ізтілеуов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Халық Жинақ Банкінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында бастаған. Кейіннен Жамбыл облыстық филиалында бөлім бастығы және Түлкібас, Мақтаарал аудандық филиалдарының бастығы қызметін атқарды. Сонымен қатар «Экспресс Банк», «АТФ Банк» акционерлік қоғамдарының Шымкент қаласындағы филиалдарында басшы болып еңбек етті. Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округінің әкімі және Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болды. Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, 2020-шы жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Қожықаев Қанат Шубайұлы Жаңаарқа ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қанат Шубайұлы 1967 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. 1991 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын, 2008 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін агрономия және экономика саласын құқықтық реттеу мамандықтары бойынша бітірген.
1991-1993 жылдары Жаңаарқа ауданының Дружба совхозының агрономы;
1993-1999 жылдары Жаңаарқа ауданының жер ресурстарының басқару комитетінің бас маманы;
1999-2005 жылдары Жаңаарқа ауданының жер кадастрлық «Қарағанды ҒӨО жер» филиалының директоры;
2005-2006 жылдары Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жаңаарқа филиалының маманы;
2006-2007 жылдары Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жаңаарқа филиалының меңгерушісі;
2007-2008 жылдары Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының консультант тіркеушісі;
2008-2010 жылдар Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Жаңаарқа филиалының меңгерушісі;
2010 жылы «Қарағанды жер Ғылыми Өндірістік Орталығы» Жаңаарқа филиалының директоры;
2011-2016 жылдары Жаңаарқа ауданының әкімі аппаратының басшысы;
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары лауазымында еңбек еткен.