Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде осы апта ішінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.
14 шілдеде Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
14 шілдеде Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы лауазымына Саят Маратұлы Қараласов тағайындалғаны белгілі болды.
Саят Қараласов 1978 жылы туған. Білімі — жоғары, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың қыркүйегінен Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
15 шілде күні Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Сейсенбіде Арман Жаркеев қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының президенті болып сайланды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚҚБФ вице-президенті Юрий Соловьёв, атқарушы директор Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев, сондай-ақ өңірлік филиалдардың басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды, олардың ішінде маңыздысы — федерация президентін сайлау. Облыстық федерациялардың басшылары мен спорт қауымдастығының өкілдері Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Аптаның екінші күні Үкіметтің қаулысымен Бауыржан Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.
Бауыржан Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Алпроф» ЖШС-де бағдарламашы болып бастады, Алматы қаласы.
2009–2012 жылдары — «Казгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.
2012–2013 жылдары — «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК «Мемжеркадастр ААЖ» жетекші маманы, басқарма бастығы.
2013–2015 жылдары — коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
2015–2016 жылдары — Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы.
2017–2018 жылдары — «Самұрык-Қазына» корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.
2018–2020 жылдары — «Қазгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.
2020–2022 жылдары — Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.
2022–2024 жылдары — Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.
15 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Мейрамбек Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Мейрамбек Маратұлы 1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдалар министрлігі «АЖТ орталығы» РМК бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2005–2007 жылдары — ҚР Төтенше жағдайлар министлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.
2007–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Қаржылық заңнама басқармасының бас маманы, бас сарапшысы.
2009–2013 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013–2016 жылдары — Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
2016-2023 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Заң бөлімінің басшысы, Заң департаментінің директоры.
2023–2024 жылдары — Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы заң департаментінің директоры.
2024 жылғы маусымнан бастап соңғы тағайындауға дейін «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Кадрлық әкімшілендіру және жалақыны есептеу департаментінің директоры болды.
Сейсенбіде Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.
2000–2008 жылдары — «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.
2008–2012 жылдары — Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор — аға маманы.
2012–2016 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.
2016–2019 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.
2019–2023 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.
2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.
16 шілдеде Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды.
Ол 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.
Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020–2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.
2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.
Сәрсенбі күні Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен БҚО әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мирас Рүстемұлының білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиев өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Мирас Мүлкәйға алдағы жауапты қызметінде табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бірқатар маңызды міндеттерді атап өтіп, жаңа орынбасардың осы бағыттарда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
М.Мүлкәй әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының бас маманы, сектор меңгерушісі, Орал қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы, Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінде болды.
Мирас Мүлкәй құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы, абаттандыру мәселелеріне жетекшілік етеді.
Апта ортасында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Нұрбақыт Серікбай тағайындалды.
Ол Алматы Энергетика және байланыс университетін «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018 жылы қараша айында Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2022 жылы тамыз айында Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасының энергия және жылумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылған.
2023 жылы 22 тамыздан бастап Алматы қаласы Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
17 шілдеде Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жанбыршы тағайындалды.
Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры болған. 2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2021-2022 жылдары «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры атанған.
2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған. Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Бейсенбіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына Ерлан Ермаханбетов тағайындалды.
Ерлан Ермаханбетов Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның жастармен жұмыс бойынша маманы қызметінен бастаған, сонымен қатар, А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Оқу-клиникалық базасында жастар ісі бойынша сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
2013-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының Мәдени-ағарту, Халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейінен бөлім басшысы болды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
2015-2016 жылдарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы лауазымын атқарған.
2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметтерін атқарған.
2019-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.
2021-2024 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.
Осы лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры қызметінде еңбек етті.
17 шілде күні Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Дамир Ермағамбетов тағайындалды.
Дамир Мақсұтұлы 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.
1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы II-ші және I-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Алматы қаласына келгенге дейін ол Қостанай облысы ТЖД бастығының қызметін атқарды.
Бейсенбі күнгі тағы бір ауыс-түйіс, Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы болып азаматтық қорғау полковнигі Назарали Селімов тағайындалды.
Назарали Ғаджымагомедұлы 1985 жылғы 14 мамырда Ресей Федерациясында дүниеге келген. 2007 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтап, азаматтық қорғау органдарында қызметін бастаған.
Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін басқарған.
Кейін Маңғыстау облысы мен елордадағы департаменттерде қызмет атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымында болды.
Жаңа басшыны департамент ұжымына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының жетекшісі Дәурен Есімсейітов таныстырды.
18 шілде күні Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып Лаура Асқарқызы Бутабаева тағайындалды.
Лаура Асқарқызы инклюзивті білім беру саласында айтарлықтай тәжірибеге ие.
Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Дефектология» мамандығы бойынша білім алған. Польша Республикасы, Варшава қаласындағы М.Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика академиясында білім беру саласындағы әлеуметтік ғылымдар докторы (Ph.D) дәрежесін алған.
Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының иегері.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған № 137 бөбекжай балалар бақшасында» сурдопедагог ретінде бастаған.
2012-2021 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де аға оқытушы, бөлім жетекшісі, Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.
2021–2023 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Инклюзивті білім беру орталығының директоры, 2023 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры болды.
Бұл лауазымда Лаура Асқарқызы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды, нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қоса алғанда, елдегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға белсене қатысты.