«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша біз төлем мерзімін 15-тен 20 жылға дейін ұзарттық. Сондай-ақ белгіленген уақытынан бұрын сатып алу мүмкіндігі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқартылды», - деп атап өтті ол.
Б. Досмұхамедовтің айтуынша, аталған баспаналардың құны барынша төмен болғандықтан, оны одан сайын арзандату түрлі алаяқтық әрекеттерге жол ашуы мүмкін. «Сондықтан біз аталған уақытты барынша азайттық. Әрине, егер Үкімет тарапынан басқа да тапсырмалар болып жатса, біз оларды болашақта талқылауға әзірміз», - деп қосты ол.