Биылғы жылдың басынан бері өндірістік бөлмелерді жалға алу бағалары 1,8 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету, қызмет бөлмелері - 0,7 пайыз өссе, паркингтерді жалға алу бағалары 1 пайыз төмендеген.
Биылғы жылдың қыркүйегінде өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда көлік жуу орындарын жалға алу бағалары 1,8 пайыз, көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансаларын жалға алу - 4,5 пайыз, өндірістік базаларды жалға алу бағалары - 2,3 пайыз, шаштараз, сән салондарын жалға алу - 2,2 пайыз қымбаттаған.
Жер үсті ашық және жабық паркингтерді жалға алу - 1 пайыз, асханаларды жалға алу - 0,8 пайыз арзандаған.