«Шыны керек, Алматы қаласында ашылған Австрияның сауда өкілдігі екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың оңтайлы жүріп жатқандығын көрсетсе керек. Бұл біздің бүгінгі әріптестік қарым-қатынасымыздың айқын көрінісі ғана емес, бұл біздің болашақтағы сәтті байланыстарымыздың заңды жалғасы болса керек», - дейді Й.Майер.
Австрияның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы екі елдің сауда айналымы 1,137 млрд. еуроға тең болды. Ал 2010 жылдың соңғы жеті айы ішінде бұл көрсеткіш 555,9 млн. еуроны құрады. Оның 441 млн.-і Қазақстанның импортына тиесілі болса, 114,8 млн. еуро Австриядан келетін экспорттың үлесінде.