Жарысқа мемлекеттік органдардан 15 команда қатысып, әрқайсысында бес адамнан болды. Қатысушылар пилотсыз авиациялық жүйелер мен оларға қарсы іс-қимыл құралдарын пайдалана отырып, арнайы тапсырмаларды орындады.
Турнирді ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Ashyq Aspan Foundation» қоғамдық қорының техникалық қолдауымен ұйымдастырды.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар әуеден барлау жүргізу, дронды басқару, оқу тапсырмаларын орындау және командалық үйлесімділік бойынша сынға түсті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы;
2-орын – ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы;
3-орын – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының командасы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты – пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдану саласындағы кәсіби даярлықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың техникалық әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Айта кетйеік, биыл Мемлекеттік күзет қызметін жетілдіруге бағытталған түзетулер мақұлданды.