Қазақстанда әскери соттарға азаматтық істердің түсуі 10 пайызға кеміді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әскери соттарға азаматтық істердің түсуі 10 пайызға кеміді. Бұл туралы бүгін ҚР Әскери сот Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әуезнұр Қаженов мәлім етті.

«Гарнизондық іскер соттарға ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 489 азаматтық істер мен арыздар түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1 пайызға кем. 412 азаматтық іс қозғалып, шешім шығаруымен 184 іс қаралды. 6 азаматтық іс соттылығы бойын жолданды», - деді ол.

Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, бірінші сатыдағы соттың өндірісінде 434 істің ішінен барлығы 348 азаматтық іс аяқталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7 пайызға немесе 91 азаматтық іске аз. Осы араықта қаралған барлық істердің басым бөлігін тұрғын үй мәселелері, еңбек даулары құрайды.