деп хабарлады Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Дариғаш Шаймерденова Pm.kz берген сұхбатында.
Оның айтуынша, астықты жеңқаптарда сақтау үшін астықты тиейтін және бумалайтын кешендік құрылғылар қажет. Мұндай «жеңқаптарда» астық бір жылға дейін сақталады. Сақтау барысында астықтың жағдайын үнемі қадағалап отыру керек, бұрын ол полиэтиленді кесу арқылы жасалатын, ал бұл аз машақат емес.
«Осы келеңсіздікті жою үшін біздің институт термотросс орнату арқылы температураны алыстан бақылайтын жүйе ойлап тапты, енді барлық мәліметтер компьютерден көрінетіндіктен, астықтың температурасын алыстын бақылау мүмкін болады», - деп атап өтті Д.Шаймерденова.
Бүгінгі күні астық қоймаларына сұраныс 86% қана қанағаттандырылуда. Астық мол жиналған 2009 және 2011 жылдар сияқты кезеңде қосымша қуат қажеттілігі туындайды, деп қорытындылады сөзін Д.Шайменденова.