12-14 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 13 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы 2-7 градус жылылыққа дейін төмендейді, күндіз 10-15, кей жерлерде 20 градус жылылықты көрсетеді. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады.
Ертең Астана қаласында ауаның температурасы 16-18 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, 15-20 м/с жылдамдықпен батыстан жел соғады.
12 қыркүйекте Қостанай облысында, 12-14 қыркүйекте Ақмола, 13-14 қыркүйекте Қарағанды облысында, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жекелеген жерлерде күн райы 0-2 градусқа дейін суытады деп күтілуде.