Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады деп күтілуде.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда облысында - күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Алматы облысында, Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында кей жерлерде және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. ҚР басқа су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.