Атап айтқанда, жауын-шашын жауып, кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі байқалады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.
Мәселен, Ақмола облысында түнде және таңертең кейбір жерлерге тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының жекелеген жерлерін тұман басып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман болады.
Маңғыстау облысының кей аумақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтілуде.
Қарағанды облысында түнде тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықтағы жел және бұрқасын күтілуде.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейлері ауытқуы ықтимал. Қазақстанның қалған сулы нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.