«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі ықтимал: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.
Бұдан бұрын синоптиктер республиканың басым бөлігінде қар жауатындығын, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатындығын мәлім еткен болатын. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы тіпті 30 м/с және одан асуы ықтимал.