«Қазақстан аумағынан алдағы үш тәулікте биіктік циклонға байланысты ауа ағыны өтеді. Осыған орай көптеген облыста қар жауып, батыстан, солтүстік-батыстан күшті жел тұрады, орталық және шығыс облыстарда боран соғады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», - делінген хабарламада.
Синоптиктер Скандинав түбегінің солтүстігінде суық антициклон қалыптасып жатқанын айтады. Ол оңтүстік-шығыс бағытпен жылжып, 13 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеп соқтырады.