Қазақстанда әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына қаражат аударуға болатын шот ашылды

ШЫМКЕНТ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - «SCAT» әуекомпаниясы өкілдерінің хабарлауынша, шот Қазақстанның Халық банкінде ашылды. Оған аударылатын қаражат 29 қаңтар күні болған әуе апатында қаза тапқандардың отбасылары арасында үлестірілетін болады.

«SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның басшылығы барлық қайырымдылық қаражат тиісті мекен-жай бойынша жеткізілетініне кепілдік бергенін естеріңізге сала кетейік.

29 қаңтарда болған әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына қайырымдылық қаражаттарды аудару үшін есепшот:

Бенефициардың ИИК: KZ116010291000171042

Бенефициардің банкі: «Қазақстанның Халық банкі» АҚ

Бенефициар банкінің БИК: HSBKKZKX

Бенифициар: «SCAT» әуекомпаниясы» Акционерлік қоғамы

Кбе 17

КНП 119.