Қазақстанда ауруханалар мен мектептердің тең жартысы мүгедектерге бейімделмеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауруханалар мен мектептердің жартысынан көбі мүгедектерге бейімделмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Мүгедектігі бар азаматтар үшін өмірлік маңызы бар 36 мың әлеуметтік нысан бар. Олардың 18,4 мыңы немесе 63,6%-і қолжетімсіз. Емханалардың, мектеп пен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының 62,4%-і мүгедектер үшін икемделген», - деп атап өтті министр.

Оның мәліметтері бойынша, көлік инфрақұрылымының қолжетімділігі 50 процентті құрап отыр.

«Осы мәселені шешу мақсатында Қазақстанда әлеуметтік такси белсенді дамытылуда. Мемлекеттік тапсырысқа енгізілгеннен кейін, таксопарк саны екі жылда сегіз есеге артты. Жыл сайын әлеуметтік таксопарктар мүгедектігі бар 27 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетеді», - деді Т. Дүйсенова.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, мүгедектігі бар 16 мыңнан астам азамат жеке көмекшінің қызметін пайдаланған. Қолға алынған шаралар әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдардың мүгедектер үшін қолжетімділігі 20-дан 62,4%-ке артқан.