Атап өткенде, есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 1806,8 млрд теңгені (былтырғы жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 3,9 пайыз көп), өсімдік шаруашылығы - 2329 млрд теңгені ( 2,3 пайыз) құраған. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көлемі 11,8 млрд теңге, аң шаруашылығындағы өнімдер (қызметтер) 0,8 млрд теңге, орман шаруашылығында - 12 млрд теңге, балық аулау және аквамәдениетте - 7,2 млрд теңгені құрады.