Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын сауықтыру бағдарламасы іске қосылады - АШМ

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын сауықтыру туралы жаңа бағдарлама фермерлердің жұмысын жеңілдетуі тиіс.

Бүгін Астанада өткен «Қазақстан фермерлері одағы» РҚБ Орталық кеңесінің мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман осылай айтты.

Министрліктің жауапты хатшысы атап көрсеткендей, аталған құжаттың аясында «Самұрық-Қазына» қорының 300 млрд. теңгесіне «ҚазАгро» холдингі арқылы фермерлердің бүгінгі несиелерін қайта құрылымдау жоспарланып отыр. Осының арқасында ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің екінші деңгейлі банктердің алдындағы қарызын барынша жеңілдету көзделген. «Жаңа бағдарлама Премьер-Министр Серік Ахметовпен келісілді. Үкімет мақұлдауынан кейін біз оны таныстыратын боламыз», - дейді Е.Аман.