«ҚР Үкіметінің БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жобасында ауыр органикалық ластандырғыштарды кәдеге жарату зауытын салу қарастырылған. Бұл қалдықтар елімізде біршама жинақталып отыр. Аталған зауытты салу тек Қазақстанның ғана емес сонымен бірге көршілес елдердің де проблемасын шешуге мүмкіндік береді», - деді ол ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Ғаламдық экологиялық қордың Ауыр органикалық ластандырғыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерді іске асырудың ұлттық жоспарын жаңғыртуға әрі медициналық қалдықтарды тиімді басқаруға бағытталған бірлескен жобаның басталуына арналған жиында.
Оның атап өтуінше, аталған жоба Қазақстан көшбасшысының жасыл экономика бағдарламасын бекіту аясында айқындалған проблемаларды шешуге септігін тигізбек.
«Әзірше жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Ол зауыт құнын айқындауға мүмкіндік береді. Оның құрылысы БҰҰ Даму бағдарламасының доноры және Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен қаржыландырылады. Зауыт қуаты басқа да елдердің де өтінімдері бойынша осындай қалдықтарын кәдеге жарату шараларын жүргізуге мүмкіндік береді», - деді А.Дерновой.