Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік саласы бойынша арнайы мамандарды оқытатын аймақтық орталық құрылуы мүмкін

None
БРЮССЕЛЬ. Маусымның 28-і. Қазақпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік саласы бойынша арнайы мамандарды оқытатын аймақтық орталық құрылуы ықтимал.

Осындай мекемені ұйымдастыру мүмкіндігі Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуроодақ пен НАТО жанындағы елшіліктің басшысы Ерік Өтембаевтың Еуропалық комиссияның вице-президенті Сийм Калласпен кездесуі барысында талқыланды.

Авиациялық қауіпсіздік саласы бойынша қазақстандық және еуропалық стандарттың үйлесу қажеттілігін ескере отырып, тараптар осындай орталықты авиация саласындағы еуропалық және халықаралық сарапшылардың тәжірибелерін тарта отырып ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу барысында сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі бойынша ҚР-ның еуропалық талаптарға сай болуы және қазақстандық әуекомпаниялардың ЕО «қара » тізімінен тезірек шығу мәселелері талқыланды.