Қазақстанда автобустарға билеттер сатудың бірыңғай жүйесі құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда автобус рейстеріне билет сатудың бірыңғай жүйесі құрылды. Ол туралы бүгін ОКҚ-індегі брифингте «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары Айзада Нұрлыбаева хабарлады.

Оның айтуынша, ТКО Қазақстандағы автобус рейстеріне электрондық билеттерді сатып алудың бірыңғай жүйесін іске қосуға 18,1 млн теңге бөлді. Жүйе AparuBus аталады. Ол толықтай отандық әзірлеме. «Әлі күнге дейін кері қайту билетін сатып алу мүмкіндігінсіз автобусқа билеттерді тек автовокзал немесе автостанса кассасынан сатып алуға болатын болса, біздің AparuBus бағдарламамыз билеттерді агенттік кассаларынан, үйден шықпай-ақ aparubus.kz арнайы сайтынан сатып алуға мүмкіндік береді», - деді ол. AparuBus билеттерді тасымалдаушылардың өздерінің сатып, маркетингтік саясатты айқындауына жол ашады. «Бүгінде технология авторлары рейстердің электрондық базасын ұлғайтуда. Сондықтан агенттік кассалар өкілдері біздің әзірлеушілерімізге жүгініп, билет сатудың оңайлатылған жүйесімен жұмыс істеуіне болады. Жобаның мақсаты - Қазақстанда автобус рейстеріне билеттерді сатудың бірыңғай жүйесін құру», - деді ол.