Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров мәлім етті.
Басқарма төрағасының айтуынша, Қазақстанда жеңіл автокөліктер өндірісі 7779 бірлікке жетіп, 5,3 есеге ұлғайған. Автобус техникасын шығару (313 бірлік) 2017 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,4 есеге артқан. Жүк автокөліктері өндірісі (487 бірлік) 32,1 процентке қысқарған.
Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстаннан шетелге 831 автокөлік экспортталған. Қазақстандық көліктер атап айтқанда, Қытай, Ресей, Беларусь және Тәжікстан елдеріне сатылған.
Жергілікті жерде құрастырылған автокөліктер сегментінде басымдықты «Азия Авто» АҚ иеленеді. Аталған кәсіпорынға сатылған жалпы автокөліктердің 5368-і (немесе 69 проценті) тиесілі. «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС сатқан автокөлік 1570 бірлікті құрады. Одан әрі қарай отандық автоөндірушілер өнімдері өтімінің рейтингінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (222 немесе 3 процент), «СемАЗ» (206 немесе 3 процент), «Агромаш Холдинг» АҚ (200 немесе 3 процент) тұр.
«Соңғы 29 айда көптеген факторларға байланысты қазақстандық автокөліктердің өтімі төмендеп кеткен болатын. Биыл сұраныс қайта артып, отандық көлік өндірушілер 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша рецессия жағдайынан шықтық. Қазақстандық автокөлік өндіруші кәсіпорындар қатарынан 6 айы бойы көлік өндіруді арттырып келеді», - дейді «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров.