Бүгін Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысынан кейін тілшілер көлікті нөмірімен бірге сату нормасы қашан енгізілетінін сұрада.
Өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осы ұсыныс пысықталып жатқанын айтты.
- Шын мәнінде, рұқсат беріледі. Егер мен өзімнің көлігімді сізге сатқым келсе, оны нөмірмен бірге беріп жіберемін. Осындай мүмкін берілмек, - деді министрдің орынбасары.
Бұған дейін Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік түрлерін жазған едік.
Еске салсақ, Қазақстанда электросамокаттарға нөмір тағу міндеттелуі мүмкін екені хабарланды.