"Біз Заң күшіне енген алғашқы 10 күнде жүргізушілерге ескерту жасап, алдын алу шараларымен айналыстық. Оқу жылының үшінші тоқсанының басталуын күттік. Қысқы демалыс болып жатқандықтан, ата-аналарға мүмкіндік бердік. Енді осы дүйсенбіден бастап аталған санкцияларды қолдана бастадық", - деп атап өтті ол.
С.Жүсіпбековтің айтуынша, қазір полиция қызметкері жүргізушілерге ескерту жасамайды.
"Осы дүйсенбіден бастап 20 жүргізуші балаларын арнайы автоорындықсыз алып жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. Ал қалада жарығын жақпай жүргені үшін 724 жүргізушіге айыппұл салынды", - деп түсіндірді ІІД өкілі.