Қазақстанда аяқ киімді таңбалау жобасы іске қосылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2018жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарыментаңбалау туралы келісімді іске асыру аясында, сондай-ақ ҚР Премьер–Министрініңбірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 2019 жылғы17 шілдедегі № 20-3/05-2208 мәжіліс хаттамасының 8-тармағының 1) тармақшасынорындау шеңберінде аяқ киім тауарларын таңбалау және бақылау бойынша пилоттықжобаны іске қосты», - деді министрліктен.

Ақпаратқа сәйкес, ведомство іс-шаралар жоспарын,сондай-ақ аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаныөткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, бекітті. Таңбалау Қазақстанғааяқ киімдерді жеткізу, өндіру және оның айналымындағы заңбұзушылықтарды азайтуүшін қажет.

«Пилоттық жоба таңбалау механизмін сынақтан өткізу жәненарыққа қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында іскеқосылды. Оны өткізу кезеңі 2019 жылдың 30 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызынадейін. Ілкі жобаға қатысу ерікті болып табылады. Оған кез келген уақытта министрлікпенкелісім бойынша қосылуға болады», - деді ҚР ИИДМ-нан.

Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 11 кәсіпорын (өндірушілермен импорттаушылар) қатысуда.

Соңғы жаңалықтар