Шараның негізгі мақсаты - халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен ерте анықтау мәселелеріне аудару, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексеруге (маммография) және салауатты өмір салтына бейімділікке ынталандыру.
Ауруды ерте анықтау мен уақытылы емді бастау - әйелдер денсаулығын сақтаудың басты кепілі. 2014 жылы қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау скринингінің аясында 386 112 әйел тексерілді, 45 077 (11,7%) қатерлі ісік және ісік алды жағдайлары анықталды. Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау тамақтану барысында жемістер мен көкөністерді аз пайдалану, физикалық белсенділіктің болмауы, шылым шегу мен ішімдік ішу сияқты ағзаға зиянын тигізетін қауіптің мінез-құлық факторларының әсерін болдырмау; адамның паппилома вирусын шақыратын (HPV) жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялаудан өту, жұмыс орнында денсаулыққа зиян және қатерлі факторларды бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осы тұрғыда еліміздің аймақтарында өтетін онкүндік барысында сүт безі қатерлі ісігін алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек, оқу семинарлары, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен АМСК мекемелерінде салалық мамандардың қатысуымен ашық есік күндері өткізіледі. Жұмыс орындарында онкологиялық қызмет мамандарының қатысуымен профилактикалық скринингтік тексерулер ұйымдастырылатын болады. Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында кең таралған. Жыл сайын бұл ауруға 1,38 млн адам шалдығады, 458 мың жағдай өліммен аяқталады. Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі жаңадан пайда болатын қатерлі ісіктер құрылымында, сонымен қатар, жалпы құрылымда да бірінші орында. Аталған ауру бойынша өлім-жітім 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 7,8 пайызды құрады. Сүт безі қатерлі ісігінің I және II кезеңі 2013 жылмен (77,1%) салыстырғанда 80,6%-ны құрады. Әлемде Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу күні жыл сайын 21 қазанда атап өтіледі.