«Алдағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райына негізінен атмосфералық ағымдар ықпал етеді. Әдеттегісінше мұндай жағдайда күн бұлыңғыр болып, қар жауады. Елдің басым аумағында қар жауып, бұрқасын болып, жол көрінісі 1 км-ге дейін шектеледі. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман болып, көрініс аумағы 500 метрге дейін шектеледі»,-делінген хабарламада.
Алайда атмосфералық ағымдарды антициклон алмастырады. Қазіргі таңда ол Поволжье аумағына жетіп, республиканың оңтүстік өңірлеріне тарауда. Осы антициклонмен бірге 14 қаңтарға таман ауа температурасы аз уақытқа төмендейді.