«Қазіргі уақытта бізде үкіметтік емес ұйымдардың Әдеп кодексінің жобасы әзірленуде. Егер біз оны ертең қабылдайтын болсақ, онда бұл барлық ҮЕҰ-лердің жұмысы үшін қандай да бір міндетті шарт болар еді. Өзіңді қалай ұстау керек? Адамдармен қалай сөйлесу қажет? Басшымен қалай сөйлескен жөн? Мұның барлығының да біздің саламызды бұзбайтындай әдебі болуы тиіс. Біз бүгінгі күні көпшілігіне өзін нақты әрі дұрыс ұстауды үйреткіміз келеді», - деді Ерімбетов.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні елордада Қазақстанның VII Азаматтық форумы өтеді. Аталған алқалы жиында аталған кодексті қабылдау жоспарланған. Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік және республикалық ҮЕҰ өкілдері. Шетелдік сарапшылар мен дипломатиялық миссиялардың басшылары, сарапшылық қоғам мен БАҚ өкілдері қатысатын болады.
Айта кетерлігі, форум қарсаңында еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында өңірлік форумдай ұйымдастырылады. Онда VII Азаматтық форумға қатысатын делегаттар іріктеліп, республикалық ауқымдағы алқалы жиында айтылатын ұсыныстар сараланады.