Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін онлайн платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған кез келген тұрғын әлеуметтік маңызы бар тауарфотосуретін жібере алуы тиіс.

«Қазіргі уақытта Статистика комитеті әр сейсенбі күніәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолмен жинақтайды. Ресмистатистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Ал дамыған елдерде бағанымониторингтеуге халық қатысады. Яғни, кез-келген азамат тауар бағасын суреткетүсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сайтына жібере алады», -деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы аймақтардағыжәне нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайнрежимде бақылауға болады.

«Сіздің қолдауыңызбен біз осы жүйені құруға және оғанбарлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - депСұлтанов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге.

Өз кезегінде Үкімет басшысы министрліктіңонлайн-платформа туралы ұсынысын мақұлдады.