Қазақстанда азық-түлік тауарларның бағасы шамалы өсті - Статистика

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда азық-түлік тауарларның бағасы шамалы өсті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, тұтынушылар бағасының индексі осы жылдың мамыр айында 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,4 пайызды құраған.

«Азық-түлік тауарларының бағасы 1,5 пайызға, ал азық-түлік емес тауарлар 1 пайызға өсіп, ақылы қызметтер 4,9 пайызға қымбаттады», - деді ол.

Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, қарастырылып отырған кезеңде өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің бағасы 5,1 пайызға төмендеген.