АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жыдың тамыз айында Қазақстандағы азық-түлік тауарларының құны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Есептік кезеңде кофе, шәй және какао бағалары 16,8%-ға, кондитерлік өнімдер - 12,6%, жеміс-жидек пен көкөністер - 10,2%, алкогольді сусындар - 10,1%, сүт өнімдері - 9,5%, балық және теңіз өнімдері - 8,8%, бәліш және нан өнімдері - 8,7%, нан - 3,3%, ұн - 2,8%, макарон өнімдері - 2,5%-ға қымбаттаған, ал қант пен жарма өнімдері 10,2%-ға арзандаған.
Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,4%-ды құрады. Сиыр еті 14,4%-ға, қой еті - 13,2%, құс еті - 10,8%, шошқа еті - 10,7%, жылқы еті - 8,6%, шұжық өнімдері 6,9%-ға қымбаттай түскен.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.