Қазақстанда азық-түлік тауарлары мен шикізатты өндіру қоры жеткілікті – ҚР АШМ
«Республика отандық өндіріс есебінен нан, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майлары, картоп және көкөніс өнімдері, ет, қарақұмық жармасы, күріш, сүт және сүт өнімдері және т. б. азық-түлік тауарларының қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген.
Азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлердің тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қажетті қорлары қалыптастырылды.
Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселелері тұрақты бақылауда.
Атап айтқанда, жедел деректер бойынша республикада биылғы жылдың 4 наурызына 1,5 млн тонна ӘМАТ және 6,7 млн тонна азық-түлік бидайының қоры бар»,-делінген хабарламада.
Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. Жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.
«Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тапшылығының туындау тәуекелі жоқ екенін жеткізеді»,-деп мәлім етті ҚР АШМ.