Қазақстанда бала құқығы саласында 400-ден астам қоғамдық ұйым бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бала құқығы саласында 400-ден астам қоғамдық ұйым бар. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Бала құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Гүлмира Құлсариева мәлім етті.

«Бүгінгі таңда бала құқығын қорғау, өскелең ұрпаққа білім беру, әлеуметтік қорғау саласында азаматтық сектордың маңызы орасан зор. Қазақстанда бала құқығы саласында 400-ден астам қоғамдық ұйым бар», - деді Г.Құлсариева.

Оның айтуынша, олардың жұмыстарын бір жерден шығару үшін комитетте үйлестіру кеңесі құрылған. Оған 37 үкіметтік емес ұйым кіреді.

«Барлық ұйымдармен комитет арнайы меморандумдарға қол қойған. Асырап алушы ата-аналар мектебі, отбасын қолдау қызметі құрылды. Осының барлығы балалардың өмірін жақсартуға бағытталуда», - деп атап өтті ол.