«Бүгінгі таңда бала құқығын қорғау, өскелең ұрпаққа білім беру, әлеуметтік қорғау саласында азаматтық сектордың маңызы орасан зор. Қазақстанда бала құқығы саласында 400-ден астам қоғамдық ұйым бар», - деді Г.Құлсариева.
Оның айтуынша, олардың жұмыстарын бір жерден шығару үшін комитетте үйлестіру кеңесі құрылған. Оған 37 үкіметтік емес ұйым кіреді.
«Барлық ұйымдармен комитет арнайы меморандумдарға қол қойған. Асырап алушы ата-аналар мектебі, отбасын қолдау қызметі құрылды. Осының барлығы балалардың өмірін жақсартуға бағытталуда», - деп атап өтті ол.