«Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгеріс енгізу керек. Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», - деді Мемлекет басшысы.
Президентің айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітілетінін айтты.