«Бала асырап алу санының 17 пайызға төмендеуі аясында кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалауға қатысты тіркелген фактілер саны 2-ден 25-ке дейін артып отыр. Олардың алтауы әлеуетті бала асыраушылардың жаңа туған сәбиді сатып алуына қатысты болды», - деді А.Даулыбаев.
Бас прокурордың пайымынша, оларды мұндай қадамға заңды түрде бала асырап алу процедурасындағы қиындықтар мен бюрократизм, балалар мәліметтерінің бірыңғай базасының болмауы итермелеген.
«Соның нәтижесінде бала асырап алушылар өзінің қалауымен асырап алғысы келетін баланы таңдау мүмкіншілігінен айырылып отыр»,- деді ол.