Оның айтуынша, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау фактілері биыл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда жиілеген.
«Қазіргі уақытта сәбилерді зорлау фактісі бойынша 111 қылмыс тіркеліп отыр. Өткен жылы 94 болған. Барлық қылмыстар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті Н. Ораз.